Бас прокуратура өкілі Кәрім Мәсімовтің ісі туралы айтты

Бас прокуратура өкілі бұл істі ҰҚК тергеп жатқанын айтты.

«Оған құпиялылық белгісі қойылды, яғни материалдар таратылмайды. Ол істерге қол жеткізе алатын бірнеше прокурор бар»- , – деді ол.

Бас прокурордың орынбасары бұл іске қатысты күдіктілердің барлығы қамауда екенін атап өтті.

«Ешкім ешқайда кетпеді, жасырынбады. Іс аяқталды, іс материалдарымен танысу басталды. Іспен танысу үшін біз ешқандай процессуалдық шектеу қойған жоқпыз», — деді Әсет Шындалиев.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 6 қаңтарда ұсталды. 25 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовке, Әнуар Садықұловқа, Дәулет Ерғожинге, Марат Осиповқа және басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағаны белгілі болды.