Ресейліктерге Қазақстанға пойыз билетінің тапшы екені ескертілді

TourDom порталының мәліметінше, кейінгі уақытта Ресейден Қазақстанға баратын пойыздарға ресейліктер арасында сұраныс артқан. Сонымен қатар, қазір кейбір тұрақты маршрутпен кету өте қиын. Қорған арқылы Петропавлға баратын пойыздарға сұраныс көбейіп, жақын күндерге санаулы орын қалған. Тек 28 қыркүйекке кез келген орын мен уақытты таңдауға болады. Оған дейінгі даталарда орын аз.

Ресей — Қазақстан бағытындағы басқа рейстерге де билет тапшы. Мәселен, Омбыдан Қарағандыға таяудағы аптада бес билеттен артық билет қалмады. Алайда 1 қазанда пойызға жүздеген билет бар.