Республиканың 7 облысында жолдар жабылды

Ақмола облысы

Қар жауып, бұрқасын соғуынан жол көрінбеуіне байланысты төмендегі автожолдарда барлық көлік түрлерінің жүрісіне шектеу енгізілді:

1.«Екатеринбор-Алматы» 1280-1353 шақырымдар, Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық;

2.«Астана-Ерейментау-Шідерті»16-205 шақырымдар, Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралық;

3.«Астана-Киевка-Теміртау» 16-51 шақырымдар, Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық.

Ақтөбе облысы

Ембіден Шалқарға дейінгі «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 92-258 шақырымдарында барлық автокөлік түрлеріне салынған шектеу өз күшінде қалады.

Алматы облысы

Көктұма ауылынан Достық ауылына дейінгі «Үшарал-Достық» автожолының  83-184 шақырымдарында қозғалыс тоқтаған.

Шығыс Қазақстан облысы

1.«Өскемен -Шемонаиха-РФ шекарасы» 108-123 шақырымдар, Шемонаиха ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралық;

2.«Омбы-Майқапшағай» 587-733 шақырымдар, Павлодар облысынан Семей қаласына дейінгі аралық;

3. «Семей-РФ шекарасы-Барнаул» 2-113 шақырымдар, Семей қаласынан РФ шекарасына дейін;

4. «Өскемен-Семей» 10-198 шақырымдар, Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейін;

5. «Омбы-Майқапшағай» 756-900 шақырымдар, Семей қаласынан Қалбатау кентіне дейін жолдар жабылды.

Қарағанды облысы

1.«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-217 шақырымдар, Қарағанды қаласынан Қарқаралы қаласына дейін;

2.«Екатеринбург-Алматы» 1353-1424 шақырымдар, Ақмола облысы шекарасынан Теміртау қаласына дейін;

3. «Екатеринбор-Алматы» 1492-1854 шақырымдар, Қарағанды қаласынан Балқаш қаласына дейін;

4.«Қызылорда-Павлодар» 970-1135 шақырымдар, Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін;

5. «Қызылорда-Павлодар» 433-905 шақырымдар, Топар ауылынан Жезқазған қаласына дейін.

Павлодар облысы

Ауа райы жағдайының нашарлауынан барлық көлік түрлеріне барлық бағыт бойынша шектеу енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы

1.«Жезқазған-Петропавл» 705-785 шақырымдар, Новоишимка ауылынан  Сергеевка ауылына дейін;

2.«Екатеринбор-Алматы» 836-854 шақырымдар, Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлері үшін жолдар жабылды.

ДереккөзInform.kz