Алматыда Розыбакиев көшесі уақытша жабылады

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 9 қыркүйек сағат 22:00 мен 10 қыркүйек сағат 06:00 аралығында Розыбакиев көшесінің Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі уақытша толық шектеледі, — делінген хабарламада.

Бұл жұмыстар жолды орташа жөндеу аясында жоспарланғаны атап өтілді.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, — деп қосты департамент өкілі.