Жыл басынан бері 11 мың этникалық қазақ қандас статусын алды

2022 жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (69,6%) — Өзбекстаннан, 10,5% – ҚХР-дан, 7,1% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,3% — басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,2%), Түркістан (9,4%) және Жамбыл (6,8%) облыстарында, сонымен қатар Алматы (5,9%), Нұр-Сұлтан (7,5%) және Шымкент (7,6%) қалаларында қоныстанды.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны — 59,5%, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар — 27,1% және зейнеткерлер — 13,4%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 12,3% — жоғары білімді, 38,9% — арнайы орта білімді, 47% — жалпы орта білімді және 1,7%-інің білімі жоқ.