Алматыда жол жөндеу жұмысына байланысты қандай көшелер ішінара жабылады?

Сонымен бірге жол жабындысын төсеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 7 тамызда 23:00-ден 8 тамызда 06:00-ге дейінгі аралықта Розыбакиев көшесінің Березовский көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі. Аталған жұмыс орташа жол жөндеу жұмысы аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.