Шығыс Қазақстан облысының екі ауданында өрт толығымен сөндірілді

ШҚО әкімінің айтуынша, өңірдегі өрт жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Катонқарағай ауданының Қаратал ауылында да өрт ауыздықталды.

Тұрғындар мен елді мекендерге төнген қауіп жоқ. Алайда Күршім ауданында жағдай шиеленісіп тұр. Өрт сөндірушілерге қатты жел кедергі келтіріп жатыр. Қазір өртті сөндіруге 300-ге жуық адам, 2 тікұшақ және 34 бірлік техника жұмылдырылды. Мұнда жұмыс тәулік бойы күндіз де, түнде де жүргізіліп жатыр. Өрттің елді мекендерге таралуына тосқауыл қойылды, — дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Алтай ауданында 2 тікұшақ жұмыс істеп жатыр, 150 тоннадан астам су құйылды. Отпен күреске барлық күш бағытталып отыр. Өрттің таралуына жол берілмей, өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары барынша жүріп жатыр.

Мен төтенше жағдай министрімен келіссөз жүргіздім, облысқа жету қиын таулы жерлерде өртті сөндіру үшін тағы 2 тікұшақ келеді. Бүгінгі күні өртті жоюға барлығы 1 167 адам, 123 бірлік техника, 5 МИ-8 тікұшағы, 2 МИ-2 тікұшағы, 1 Еврокоптер, 4 отын құюшы жұмылдырылды. Жағдай толығымен бақылауда. Жергілікті жерлерде орман басқармасының, ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмыс істеуде. Шаруа қожалықтарының техникасы да жұмылдырылды, — деді әкім.