Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тамыз кеңесіне қатысты

Тамыз тыңдауының жеке блогы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мәселелеріне арналған.

Кеңеске Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, SANALY urpaq жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері және мектеп директорлары қатысты.

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ведомствосының өкілдері атап өткендей, бүгінде білім беру саласы мегаполистің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа аса бейім болып табылады.

Алматыда қала тұрғындарын толғандыратын және олардың тарапынан сын тудыратын негізгі салалар анықталды.  Біріншіден, бұл білім беруді қамтитын әлеуметтік сала. Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық қылмысын талдау білім беру жүйесіндегі қылмыстардың саны төмендемейтінін көрсетеді, осыған байланысты осы саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет, — деп Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат атап өтті.

антикор
Фото: Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Мысалы, 2021 жылы 6 қылмыс тіркелген, 2022 жылы қылмыстар саны 9-ды құрайды.

Қорытындылай келе, Sanaly urpaq жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметіндегі басымдық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі және кешенді жұмыс болып табылатынын айтты.

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіреді. Оқу процесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің болу фактісі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға бейім тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасайды. Сондықтан, мінсіз мінез — құлықтың жеке үлгісімен мұғалімдер өз оқушыларында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті, адалдық пен парасаттылықты тәрбиелеуі маңызды, — деп атап өтті Қайыржан Тоқышев.