Биыл Ораз Жандосов атындағы №105 гимназия мектебінің оқушысы Арина мектептегі соңғы алғашқы қоңырауына келіп отыр. Оқуын бітірген соң көркем сурет, өнер саласына қатысты мамандықты меңгергісі келеді.

Ол өнер мен дизайнға жақын болса да, мектеп формасының қарапайым әрі еркін болғанын қалапты. Сол себепті Арина еліміздегі мектеп формасы үлгісі талабына сай, ақ жейде мен қара белдемше, ақ спорт аяқкиім киген.

9455c603d5e8627658fe32c4a74858b3 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
3e1cd65c4eec355475ffa7be9ac17e4f Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ал дәл осы мектептің 8-класс оқушысы Мәдина классиканы ұнатады. Сол себепті бүгін ол костюм шалбар киіпті. Елдегі мектеп формасына қойылған талап бойынша қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруға тиіс. Мәдинаның киім үлгісі бекітілген ережелерге сай келеді.

914380ee9ff5e1ad0c669cad5a3b4be0 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Мәдина мектеп формасына ерекше сән беруі үшін түрлі әшекей таққан. Өзінің айтуына қарағанда, әшекей атаулыны жаны сүйеді.

56247ca3aebe9808b9ca9b532d33d62e Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
f1b36c33eda45f5a60585be8535b8a53 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

№135 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Арина биыл 3-класқа барды. Үш жыл ішінде оқу орнының ережесіне, атмосферасына әбден үйреніп қалған. Сол себепті жаңа оқу жылына сақадай сай дайын. Әдеттегідей жаңадан алған формасын киген, басына үлкен аппақ бантигін таққан. Қолында мұғаліміне алған гүл шоғы бар. Алғашқы қоңырауға анасымен келіпті.

6dd1caa9eb2169f29c81d14e1f66e024 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
a2d659310465771e41323fecaef53442 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Альмира  мен Мирас — бір үйдің балалары. Мирастың алғашқы қоңырау салтанатына аса дайындықпен келгені байқалады, өйткені барлық оқушы мен мұғалім, ата-ана алдында ән айтады. Сахнада әдемі болу үшін жаңа костюмін киген.

6e5bd6322731f74a78bc1136489b4e7c Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
e56648551190a5dc8fa262a0d6af3587 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Келесі фотодағы Мадияр мен ерекше шаш үлгісі бар Даниэль. Мектептегі бірінші күні болса да, екеуі қажет кітаптарын алып үлгерген.

a3d157880e44523407f20a36049578b9 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
7dcd0faab1ceae8526bf36328943774b Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
5acf3296d4a5a8595006d2fc6685045e Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

11-класс оқушысы Ақкербез жаздың атмосферасынан әлі шыға алмай жүр екен. Көзілдірік таққан, иығына шопперін асып алған.

b0b8dadc106f12409b0a4c827de306e8 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
ead35a74b844aecfd7f1c18ebb8fb470 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Арина бүгін мектепке шашын бұйралап келсе, Софья бантик орнына жай ғана ақ бау таққан.

d9e965a8ad97abc4ad7894da5dba467d Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
9e131cbafb4383030ebe5ce7efd637dc Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
6e8cc0d8c8609681a493a8d64055ce6f Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
2e491473a3988717165d4f54b1a7c222 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
39e12df4b3e3d94dd6f292fe337dcaf1 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары өз оқу орындарының киім үлгісі бойынша киініп келген. Бірдей форма, бірдей қызыл галстук, жилетінің оң жағында Назарбаев зияткерлік мектебінің эмблемасы.

448f43237a950e8346700f3ba9fd9975 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Жұлдыз Қажатова/Baribar.kz

Қазақстан заңнамасы бойынша мектеп формасына қатысты белгілі бір талаптар бар. Мысалы, қыздар пиджак, жилет, юбка, шалбар, түймелері немесе бекіткіші бар трикотаж кардиган (бомбер), классикалық жейде, қыста трикотаж жилет, сарафан, водолазка киюіне болады.

Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілуі және тобықты жауып тұруға тиіс. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының белгілерін тағуға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және белдемшенің ұзындығына қатысты талаптарды орта білім беру ұйымы шешеді.

08b85a516a70784c48ab999e45a8f083 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
23e77228950cbc57cef22a81b9b5c985 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
bcf38ba413f712ae838cbc75fa593b1f Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
329b61ef9f6886d3ae87c179bcb3178a Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
6fa54c87114f8d7477705ebce6118ab4 Алматының сәнқой оқушылары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz