Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Болжам бойынша, таяу күндері республиканың батыс, солтүстік, шығыс облыстарына атмосфералық фронталь бөліктер әсер етіп, жаңбыр жауады: 19-20 тамызда облыстың шығысында нөсер жауып, бұршақ түсуі мүмкін, ал республиканың қалған бөлігінде метеожағдай сипаты өзгермейді, жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстанның солтүстік жартысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Батыста ауа температурасы түнде +18…+26 градустан +12…+23 градусқа дейін, күндіз +30…+38 градустан +27…+35 градусқа дейін төмендейді, оңтүстікте түнде +13…+20 градустан 10…+17 градусқа дейін, күндіз +28…+33 градустан +22…+28 градусқа дейін, республиканың оңтүстік-шығысында +12…+18 градустан 8..+15 градусқа дейін, күндіз +25…+30 градустан +18+23 градусқа дейін, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында ауа температурасы түнде +2…+10, күндіз +13…+18 градус, оңтүстікте +23 градус болады, — делінген хабарламада.