Елімізде интернет жылдамдығы 62%-ке артты

Finprom.kz сараптамалық проталының мәліметіне сәйкес, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша жаһандық рейтингте 80-орында тұр. Жыл басынан бері елімізде интернет жылдамдығы 62,6%-ке артты. Орталық Азия елдері ішінде Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша көш басында келеді. Ал ranking.kz сараптама порталы бүкіл әлемде интернет қосылуының жылдамдығы мен өнімділігін тексеретін Speedtest Global Index мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстанда бір жыл ішінде бекітілген интернеттің орташа жылдамдығы секундына 50,74 мегабит-тен 2021 жылдың қазанында 62,04 мегабитке-дейін артқанын атап өтеді. Бұл да — Орталық Азия елдері ішіндегі ең жоғары көрсеткіш саналады, — деді ұлттық коммуникациялар және цифрландыру қауымдастығының вице-президенті Жанат Асантаева.

Оның дерегінше, өткен жылы қазақстандық байланыс операторлары 1 триллион теңгеден астам пайда тапты.

Нарық алғаш рет 1 триллион теңгелік белгіден асып түсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанында телекоммуникация нарығының көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 12,9%, — деді ол.