Шымкентте 1,5 миллиард теңгеге жалған шот-фактура жазу фактісі анықталды

Сот үкімімен М.А.Әжібаев, А.О.Ақынов және А.Ақын қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Оларға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 7 жылға қаржы қызметімен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды, — делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар сот үкімімен Toyota маркалы автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді.