Жыл басынан бері 9 077 этникалық қазақ қандас статусын алды

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, жыл басынан 9 077 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас статусын алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 96,9 мың этникалық қазақ оралды,  — делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Өзбекстаннан (69,9%), Қытайдан 10,3%, Түрікменстаннан 7,1%, Моңғолияда 4,0% және басқа елдерден 8,7% қоныс аударды.

Этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,9%), Түркістан (9,7%) және Жамбыл (6,5%) облыстарына, сонымен қатар Алматы (5,7%), Нұр-Сұлтан (7,2%) және Шымкент (8,0%) қалаларына қоныстанды, — делінген хабарламада.

Елген келген 9 мыңнан астам қандастың 60,5% — еңбекке қабілетті жастағы азаматтар, 26,2% — еңбекке қабілетті жастан кіші, 13,3% — зейнеткерлер.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,8% жоғары білімді, 39,8% орта кәсіби білімді, 46,7% жалпы орта білімді және 1,6% білімі жоқ.