Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 27 миллионнан асуы мүмкін

Орталық жасаған талдауға сәйкес, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,8 миллионнан (теріс сценарийде) 21,5 миллионға дейін (оң сценарийде), ал 2050 жылға қарай 23,5 миллионнан 27,7 миллионға дейін болуы мүмкін.

Бұл ретте, егер өлім мен туу көрсеткіштері 2021 жылғы деңгейде, ал сыртқы және өңіраралық көші-қон 2017-2021 жылдардағы орташа мәнде сақталса, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20 млн 958 мың адамға, ал 2050 жылға қарай – 27 миллион 192 мың адамға жетеді, – деп атап өтті ЕРДО болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Оның мәліметінше, 2030 жылға қарай орталық сценарий бойынша халық саны:

  • Нұр-Сұлтанда – 420 мың адамға немесе 33%, 1,7 миллион адамға дейін,
  • Алматда – 414 мың адамға немесе 20%, 2 миллион 466 мың адамға дейін,
  • Шымкентте – 369 мың адамға, немесе 32%, 1,5 миллион адамға дейін өседі.

2050 жылға қарай, ЕРДО сарапшыларының есептеріне сәйкес, болжамның орталық нұсқасын алып қарайтын болсақ өсу бойынша көшбасшы Шымкент болады, оның халық саны 1 миллион 679 мың адамға артып, 2,8 миллион адамға жетеді немесе 2022 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артады. Нұр-Сұлтанда өсім 1 миилон 634 мың адамды құрайды, бұл 2,3 есе өсімге, 2,9 миллион адамның көрсеткішіне сәйкес келеді. Алматыда тұрғындар саны 3,5 миллион адамға дейін немесе 1,4 миллион адамға (2022 жылға қарай+69%) өседі. Маңғыстау облысында халық саны 820 мың адамға өседі, соның салдарынан өңірдегі халық саны 1 миллион 571 мың адамды құрайды.

Біздің болжамымыз бен БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің жаңа демографиялық болжамы ұқсас және сценарийге байланысты халық санының 2030 жылға қарай 20,8 миллионнан 21,5 миллион адамға дейін, ал 2050 жылға қарай 23,5 миллионнан 27,7 миллионға дейін өсуін болжайды, – деді Дмитрий Шумеков.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да