Шымкент дендросаябағынан өрт шықты

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер саябақ аумағындағы құрғақ шөптердің жанып жатқанын анықтаған. Өрттің көлемі 0,25 гектарды құрап, оны сөндіруге Шымкент ТЖД өрт сөндіру қызметінің 24 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Өрт сағат 19:25-те оқшауланып, сағат 19:31-де толығымен сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Дендросаябақтың аумағы құрғақ шөптерден тазартылмағандықтан, жауапты тұлғалар ҚР ӘҚтК-ның 410-баптың 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Шымкент өрт, саябақ
Фото: Шымкент төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобы