Ата-аналарды Е-күнделікті пайдалануға мәжбүрлеу фактілерін тексереміз — Ерлан Сағадиев

«Мектеп өзі келісімге келеді. Егер ата-анасы келіп, мектеп директорына: «сіздің электронды күнделік енгізуіңізді қаламаймын» десе, онда мектеп белгілі бір әрекеттер жасауы тиіс. Бірақ, ата-аналардың мектепке келіп, электронды күнделікті енгізбеуді талап еткендігі туралы ақпарат  түскен жоқ», — деді министр ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысынан кейін.

Ерлан Сағадиев егер оқушылардың ата-аналарын электронды базаға тіркелуге мәжбүрлеу фактісі орын алса, ата-аналардың және мұғалімнің аты-жөні атау қажеттігін баса айтты.

«Сіздер маған сол ата-аналардың және тіркелуге мәжбүрлеген мұғалімнің аты-жөндерін айтыңыздар. Сонда біз бұл істің мән-жайын анықтаймыз», — деді Ерлан Сағадиев.

Еске сала кетейік, өткен жылы тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі 2017 жылдың соңына дейін еліміздің барлық мектептерінде электронды күнделік енгізілетіндігін айтқан болатын.  Жоба құны 30 млрд теңгені құрайды. Ол инвесторлардың қаржысы есебінен өтелмек.

ДереккөзInform.kz