Елімізде сұйытылған газға шекті баға белгіленді

Жанармай бағасы ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жариялаған «Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрықта көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, жанармай құю станцияларында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары аймаққа байланысты литріне 50 теңгеден 75 теңгеге дейін бектілген:

  • Нұр-Сұлтан – литріне 70 теңге;
  • Алматы – литріне 65 теңге;
  • Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында литріне 50-55 теңге;
  • Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында литріне 70-75 теңге;
  • Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында литрі 60-65 теңгеден.

Бұйрық 2022 жылғы 6 шілдеден 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жарамды. Белгіленген шекті бағадан асып кеткен жағдайда жанар-жағармай құю станцияларына ұйғарым беріліп, орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.