Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеу жұмыстары 2023 жылы аяқталады

Әкім бүгінде резиденцияны бұзу процесі жалғасып жатқанын айтты. Бұрын егжей-тегжейлі жоспарлауға сәйкес учаске әкімшілік ғимарат болып белгіленсе, енді оны саябақ аймағына ауыстыру қажет.

Қала әкімі ғимарат орнында біріктірілген саябақ аймағы пайда болатынын айтты. Ол Сәтбаев көшесіне дейін созылады.

Әкімдік ғимаратына қатысты мәселе бойынша кеше жобалық-сметалық құжаттамаға қорытынды беруіміз керек еді, кешігіп қалдық, оны 8 шілдеде алуымыз керек. Ғимаратты жөндейтін бес компаниядан консорциум құрдық. Оны бұзудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Жұмысты жыл аяғына дейін аяқтаймыз деп жоспарлағанбыз, бірақ күрделі жобалық шешімдерге байланысты ол кейінге қалдырылды. Бұл ғимараттардың өзіне емес, металы жанған күмбезді залға байланысты. ҚазҚСҒЗИ шатырды жеңілдетіп, жеңіл әрі қауіпсіз етудің шешімін тапты, — деді әкім.

Оның айтуынша, әкімдіктің жөндеу жұмыстары 2023 жылы Наурыз мейрамына дейін аяқталуы тиіс.