Алматыда газбен жүретін 300 автобус сатып алынды

Оның айтуынша, қала экономикасының тұрақты өсуі қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6% дейін өсті.

2022 жылдың басынан бері 16,3 мың жұмыс орны құрылды. 3,3 мың орындық 54 балабақша ашылды, 45 шақырым инженерлік желі салынды. Газбен жүретін 300 автобус сатып алынды, 145 мың ағаш отырғызылды, — деді ол.

Ерболат Досаев қыркүйекке дейін Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспары әзірленгенін жеткізді. Бұл жоспарда мегаполис пен Алматы облысы синергиясының жобалары айқындалатын болады.

Жоғары инвестициялық белсенділік байқалады, жыл басынан бері негізгі капиталға салынатын инвестициялар 20,9%-ке өсті. Қала экономикасының негізгі саласы – сауда жыл басынан бері алғаш рет 1,7%-ке өсіп, «оң аймаққа» шықты. Осы жылдың 5 айында Алматыдағы іскерлік белсенділік индексі 4 проценттік тармаққа өсіп, мамыр айының соңында 48,7% құрады. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 50% астам деңгеймен оң аймаққа шығу күтіледі,- деді қала әкімі.