Головкин төрт белбеумен көш бастап тұр

GGG (36-0, 33 КО) орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO белбеулерінің иегері. Ал Жанат Жақиянов жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы.

Айта кетейік, Жанат Жақиянов бірер күн бұрын АҚШ-та жергілікті боксшы Роуши Уорренмен жұдырықтасты. Отандасымыз алғашқы раундта екі мәрте нокдаунға түскенімен, қалған уақытта жекпе-жектің тізгінін қолына алып, жеңіске жетті.

Үздіктер тізімін Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) түйіндеп тұр. 33-жастағы былғары қолғап шеберіне бірінші ауыр салмақ дәрежесінде тұрақты әлем чемпионы атағы тиесілі.

Белбеуі бар өзге қазақстандық кәсіпқой боксшылар:
Қанат Ислам (22-0, 18 КО — бірінші орта салмақ) — WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin;
Александр Журавский (13-2, 11 КО — жартылай орта салмақ) — WBO Oriental;
Бекман Сойлыбаев (9-0, 4 КО — екінші жеңіл салмақ) — WBC Eurasia Pacific Boxing Council, WBA-NABA USA;
Иса Акбербаев (18-0, 13 КО — бірінші ауыр салмақ) — пояс Global Boxing Counsil (Германия).

ДереккөзVesti.kz