Головкин, Шүменов және Қанат Ислам Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін

AIBA президенті Чинг Куо Вудың айтуынша, әлемнің үздік кәсіпқой боксшылары жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, өз бақтарын сынай алады. Мұндай шешім ұйымның Манчестерде кеше өткен жиынында қабылданған.

Енді Олимпиада медалін жеңіп алғысы келген кез-келген кәсіпқой боксшы биыл Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтетін XXXI жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алады. Алдағы бірнеше айда Чинг Куо Ву бұл жолдағы кедергілердің бәріналып тастауға уәде берді.

Айта кетейік, 2013 жылы AIBA кәсіпқой бокста 15 жекпе-жектен кем өткізген және APB ұйымымен келісімшартқа отырған боксшылардың Олимпиада ойындарына қатысуына рұқсат берген болатын.

Демек, қазақстандық Геннадий Головкин мен Бейбіт Шүменовке және Қанат Исламға да Олимпиада «алтынын» еншілеуге қайта мүмкіндік туып отыр. Алайда, боксшыларымыздың әуесқой бокс рингіне қайта оралу мәселесі уақыт еншісіндегі сұрақ.

Естеріңізге салайық, кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкин 2004 жылы Афины қаласында өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Сондай-ақ, Бейбіт Шүменов те осы жарысқа қатысып, жарты жолда жеңіліп қалған болатын. Ал, Қанат Ислам 2008 жылы Қытай атынан Пекин олимпиадасына қатысып, қола медаль иегері атанды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Биыл студенттерге арналған 26 жатақхана салынады

Елімізде 2026 жылға дейін студенттік жатақханаларда 30 мың орын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биыл президент стипендиясы 1 005 студент пен жеті магистрантқа беріледі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «ҚР президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» бұйрыққа қол қойды.

Павлодар облысына 3 500-нан астам көші-қон квотасы бөлінді

Биыл Павлодар облысына 3 500-нан астам көші-қон квотасы бөлінді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Президент қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жазбасын жариялады.

Елімізде шомылуға рұқсат етілген 487 жағажай бар

Ел аумағында шомылуға рұқсат берілген орындар белгілі болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.