Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы жобасын жариялады. Құжатта қазақстандықтардың ұлттық құрамы туралы деректер көрсетілген.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адам болған, оның ішінде ең көп проценті:
- қазақтар — 69,03%;
- орыстар — 18,47%;
- өзбектер — 3,29%;
- ұйғырлар, 1,5%;
- украиндар — 1,3%;
- татарлар — 1,06%;
- немістер — 0,92%;
- түріктер — 0,61%;
- корейлер — 0,57%;
- әзірбайжандар — 0,61%;
- дүнгендер — 0,40%;
- белорустар — 0,26%;
- тәжіктер — 0,27%;
- күрдтер — 0,25%;
- шешендер — 0,18%;
- поляктар — 0,15%;
- башқұрттар — 0,09%;
- басқа этнос өкілдері — 1,04%.
Жалпы 2018-2020 жылдарға арналған халық санының статистикасы ел тұрғындарының тұрақты өсу тенденциясын көрсететіні айтылған. Кейінгі үш жылда Қазақстан халқының саны 2,6% өсті.