Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІ сессиясы басталды

Ассамблеяның бұл жолғы жиыны «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтеді.

«Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғалидің айтуынша, сессия екі күнге жоспарланды.

Бірінші күні үш секцияда пікірталастар өтеді – «Ұлт келешегі және ҚХА-ны жаңғырту, «Халық бірлігі; білімнің, мәдениеттің және азаматтық қоғам мен бұқаралық медиа институттарының рөлі» және үшінші секцияның тақырыбы: «Қазақстан халқы ассамблеясының жастар сессиясы» тақырыптары талқыланады. Екінші күні ҚХА сессиясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді, — деді ол.