Рейстерді Qazaq Air әуекомпаниясы сыйымдылығы 86 жолаушы креслосына дейінгі De-Havilland Dash 8-Q400 әуекемесінде жүзеге асыратын болады. Жол жүру уақыты 2 сағатты құрайды. Ұшулар аптасына екі рет: бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Бір жаққа билет құны — 57 мың теңгеден басталады.
Ақтөбе — Баку — Ақтөбе кестесі:
Бейсенбі
- IQ 519 Ақтөбе 09:40 – Баку 10:40
- IQ 520 Баку 11:30 – Ақтөбе 14:30
Жексенбі
- IQ 519 Ақтөбе 14:00 – Баку 15:00
- IQ 520 Баку 15:50 – Ақтөбе 18:50
Нұр-Сұлтан — Баку — Нұр-Сұлтан кестесі:
Бейсенбі
- IQ 399 / 519 Нұр-Сұлтан 07:50 – Ақтөбе 08:50 / 09:40 – Баку 10:40
- IQ 520 / 400 Баку 11:30 – Ақтөбе 14:30 / 15:20 – Нұр-Сұлтан 18:10
(Ақтөбеде 50 минут тұрады)
Жексенбі
- IQ 385 / 519 Нұр-Сұлтан 12:10 – Ақтөбе 13:10 / 14:00 – Баку 15:00
- IQ 520 / 386 Баку 15:50 – Ақтөбе 18:50 / 19:40 – Нұр-Сұлтан 22:30
(Ақтөбеде 50 минут тұрады)
Қазір Қазақстаннан Әзербайжанға аптасына тоғыз әуе рейсі бар. Алматы — Баку бағыты бойынша: Air Astana — екі; AZAL — екі; Ақтау — Баку бағыты бойынша: Fly Arystan — екі; AZAL — үш.