Басты бет / Жаңалықтар /
Ninety one
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні

Go Viral фестивалінің волонтеры Тайыр Қаранеев жаңашыл адамдардың идея алмасатын шарасын қимай тұр. Өйткені бұл өміріндегі ғажапқа толы үш күн болыпты.

Тайыр Қаранеев
Тайыр Қаранеев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Керемет фестиваль, бүгін бітетіні ғана өкінішті. Қатысушылар жарқын жүзді, бәрі көңілді жүрді, белсенді болды. Волонтерлармен өте жақсы қарым-қатынас жасады, — дейді ол.

Тайыр бұл шарада медиа командасында волонтер болған. Фестивальдің Instagram-дағы парақшасына фото, видео түсіреді, оны өңдейді. Кейін SMM-бөлім оның жұмысын әлеуметтік желіге бөліседі.

Тайыр Қаранеев
Тайыр Қаранеев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматыдағы биылғы фестивальде 50-ге жуық волонтер жүрді. Олардың көпшілігі оқушылар мен студенттер. Go Viral-дың Тәжікстандағы амбассадоры Манижа Бабақұлова волонтерлар фестивальден баға жетпес тәжірибе мен нетуоркинг алғанына сенімді.

8d2dcb5b0e8f0b61766ba5c44f479fd1 Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Даниил Емельянов

Фестивальдің үшінші күні қазақ және орыс тілдеріндегі уоркшоп, презентация, ойындардан басталды. Factcheck.kz порталының тілшісі Жансерік Тілеухан қатысушыларды жалықтырып алмау үшін фактчекинг тақырыбын ойын арқылы түсіндірді. Ал Әйгерім Қатаева IT cаласында әйелдерің карьера жасау жолдары туралы айтты.

Түсте қатысушылар бір уақ фестиваль өтіп жатқан КИМЭП аумағынан шығып, Достық даңғылының бойымен жүрді. Archcode Almaty ұйымының өкілі экскурсия жасап, Алматыдағы урбанизм туралы айтты.

430c35db14df05e62486724e38f011da Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
b599e1c2506fb31b0551bc33a468af1d Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
3891f42e82b4c5939dcb9fcb73ef8366 Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Экскурсия кезінде қатысушылар «Қазақстан» қонақүйінің тәжі туралы тың ақпаратты естіді. Archcode Almaty қызметкері әуеліде қонақүйге тәж қою жоспары болмағанын, мұның лифті шахтасын көрсетпеу үшін жасалған шешім екенін айтты.

7eeae2383b2c9a18a8ab354199e402f7 Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
«Қазақстан» қонақүйі. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
da7b886eca6deda9e10623eaa48dfa73 Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ал дәл осы кезде «Ашхабад» залында подкастинг жазатындардың кездесуі өтіп жатты.

fb6a6ac253df0148c81e4213ac6a80f8 Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Подкастерлер Әйнел Әмірхан, Заңғар Омар, Азамат Махамбет қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, кейбірі сонда отырғандардың қызық оқиғасын жазып алды.

Заңғар Омар
Заңғар Омар. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
85dceaed1e51a4124680e01c73798fcc Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Әйнел Әмірхан. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
0cef2ecae5eeea12f4dae2d1bc406ab0 Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Азамат Махамбет. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

OY-DETOX подкастының авторы Әйнел Әмірхан Алматыда өтетін іс-шараларға жиі барады. Ол биылғы Go Viral фестивалінде осыған дейін үнемі кезіктіріп жүрген адамдарды емес, жаңа бейнелерді көргенін айтады.

Кейінгі бірнеше жылда пандемияға байланысты шаралар азайды, сол себепті Go Viral фестиваліне көп адам келмейтін шығар деп ойлап едім. Бір байқағаным — қатысушылар дайындықпен келген екен. Бағдарламаны қараған, танысқан. Бәрі сұрақ қойып, белсенді болды, — дейді ол.

Әйнел бүгінгі мастер-класта қатысушыларға ең басты ойы — қымбат смартфон мен микрофонды күтпестен подкаст жазуды бастау керегін жеткізген.

Көпшілігі подкаст жазуды бастай алмайтынын байқаймын. Өйткені сапалы микрофон немесе диктофон, қымбат смартфон керек деп ойлайды. Бүгін де осыны талқыладық. Ал менің қағидам — қолында смартфоны, айтар ойы мен  идеясы бар адамдар ештеңені күтпей подкаст жаза беру керек. Сын міндетті түрде болады. Ал контентіңіз қызық болса, жоғарыдағы айтылғандар кейінгі орынға ығысады, — дейді ол.

Әйнел Әмірхан
Әйнел Әмірхан. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Go Viral фестивалі қатысушыларына тағы бір мүмкіндік — Networking wall. Бұл — өзіңізбен пікірлес адамдармен байланыс орнатуға, жұмыс іздеуге немесе оны ұсынуға болатын қабырға.

a03309dd80a0bde5f33b0101df6f6cc7 Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Үш күн бойы тұрған қабырғаға фестиваль қатысушылары визит карта шаблонын толтырып, өзіне керек тұсқа іліп кеткен.

35489569d6c74045338a756a1dd18db9 Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бір ереже: визитканы жыртып алуға болмайды, тек суретке түсіруге керек. Өз дерегін қалдырғандар бұған келісім де береді.

a717ddc08bf316cfd7fe579e70d986ca Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Фестивальдің алғашқы күні нөсер жауын жауса, кейінгі екі күні аптап ыстық, қапырық болды. Алайда Алматының әртүрлі құбылатын ауа райы қатысушылардың артистермен бірге ән айтып, билеуіне кедергі болмады.

Жүргізушілер мен артистер қатысушыларды қатты ыстықтан сергітіп алу үшін бөтелкедегі суды шашты. Соның бірі — әнші Jordan. Ол Димаш Құдайбергеннің командасында жұмыс істейді.

Jordan
Jordan. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бөтелкедегі суды өзіме және билеп тұрғандарға шашып жібергім келді. Өйткені өте ыстық болды. Соған қарамастан, қатысушылар бәрібір сахнадан алыс кетпеді. Қошеметтеді, қолдады. Бұл одан әрі шабыттандырды, — дейді Jordan.

Jordan
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
6accc1881f592fbef029e2b5dfa75946 Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
b46554511500047747bac4407c2748c7 Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
f540e8984ebb6fb186911e0e1b291e16 Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
0217e9003f11945e3b7fb8aaa729ac9e Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
d26f1300e9186ceda8f9dc7551b4adf1 Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
c7f2f6a30a678466773d3e2d3d856bd0 Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ағаш, университет ғимараты көлеңкесін паналап тұрғандар бір кезде алаңның ортасына қарай жақындады. Өйткені жүргізушілер Ninety one тобының сахнаға шығатын хабарлаған еді.

Ninety one
Ninety one. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
cdf0073f74e8d0d441092be210d3bd87 Аптап ыстық, подкастинг және Ninety one. Go Viral фестивалінің соңғы күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазақстандық бойз-бенд бірнеше хит әнін орындады. Ал фестивальдің қатысушылары мен қонақтары олармен бірге ән айтып, биледі.

Ninety one
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

 

Ninety one
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ninety one
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ninety one
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Биыл фестивальге «Шеврон» компаниясы, MOST бизнес-инкубаторы, Батырхан Шүкенов атындағы қор, WeProject интернет басылымы, Baribar.kz порталы, Econetwork, «48 сағатта түсіру» қысқаметражды фильмдердің байқауы, Obscura компаниясы және American Space & MakerSpace Almaty қолдау көрсетті.

Тағы оқыңыз: Go Viral. 2-күн: робототехника, quiz және зерттеу журналистикасы

Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары

Жаңа білім мен нетуоркинг. Go Viral 2022 фестиваліне не үшін бару керек?

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook