Басты бет / Жаңалықтар /
c39fb52ddbd73f52ae4379b59d25b796 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары

Фестивальді АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Кэролайн Сэвидж, Орталық Азиядағы соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институты өкілдігінің аймақтық директоры Абахон Сұлтонназаров, КИМЭП университетінің бірінші проректоры Тимоти Барнетт ашып берді.

Go Viral сахнасы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Go Viral сахнасы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Go Viral биыл Алматыда алтыншы рет бірнеше жүздеген адамның басын қосып отыр. Алайда осы жылы жаңашыл жастардың алаңына айналған шара алғаш рет Душанбеде, Ташкентте және Бішкекте өтті.

Шараға Алматы тұрғындарымен қоса, Орталық Азияның бірнеше елінен қонақ келген. Соның бірі — 23 жастағы Ташкент тұрғыны Диор Қасымова. Ол анимация мектебінде координатор болып жұмыс істейді және журналистика мамандығында оқиды.

Диор Қасымова
Диор Қасымова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Диор бұған дейін Ташкентте өткен Go Viral фестивалінде волонтер болған, соның арқасында Алматыдағы фестивальге қатысуға мүмкіндік алған. Диор Қазақстанға бірінші рет келіп тұр.

Ташкенттен алты адам келдік. Алматыға баратынымызды естігенде ерекше қуандық. Фестиваль деңгейі жоғары деуге болады, өзіме бәрі ұнап жатыр, — дейді ол.

Диор достарымен бірге фестиваль аяқталған соң Алматының көрікті орындарын аралауды жоспарлап отыр. «Көктөбеден» Алматының көрінісін тамашалап, қазақтың етінен дәм татқысы келеді.

Бұл шара әртүрлі ұлт пен жас, сала өкілінің басын біріктірді. Бүгіннің өзінде он шақты адаммен танысып, араласып кеттім. Go Viral болмаса, бұл кісілерді өмірімде көрмеуші едім ғой. Сонымен бірге нетуоркингте робототехника, озон туралы көп ақпарат алдым, — дейді Өзбекстаннан келген қонақ.

Диор Қасымова
Диор Қасымова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Go Viral – бұл əрі фестиваль, əрі лекциялар, әрі уоркшоптар мен панельдік пікірталастар, фильмдер мен музыкалық қойылымдар.

f1c04a3c726c2a2c629ac6613afc97d4 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
18b09fcc334e0371d6b38278cc05a8a0 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
875c5407c8797235d611fdbdec1245b6 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
a1ea8405ec9443870a974c58a2097f4c Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
b4dba4b80ae85e87c1d2c1a38090a9a1 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
43a139a58d89ddfd9e302c8e5576f77e Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
5b25ec37907b56a4900f6bb23dd80994 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Панельдік талқылаулардың екінші легінде «Вирустық видеолар жасау жолдары», «Жадымызды қалай табамыз?» «Венчурлық инвестициялар. Кімге жəне неге инвестиция құйған дұрыс?» деген сияқты тақырыптар талқыланды.

9da7a3c6d5d65089199fee6ca0cd1d20 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
D Billions YouTube-каналының авторлары Чолпонай Кенжеқұлова мен Эрнест Үметәлиев
D Billions YouTube-каналының авторлары Чолпонай Кенжеқұлова мен Эрнест Үметәлиев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
2ac2c887aba7486d434083e6d55c65f7 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
3270e04a1e72060c6ffba8f1cd376835 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
34c5affae983e3111c4735a9b784a4a9 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
82d93106407409152066756f5fa41e75 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
2a96bc21d59033e7517c011f32d6a5bd 1 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Go Viral-дың Қазақстандағы амбассадоры Дастан Аққожаның сөзінше, Алматыда күн бұзылғанына қарамастан, фестивальге келіп жатқандар көп.

Go Viral фестивалінің Қазақстандағы амбассадоры Дастан Аққожа
Go Viral фестивалінің Қазақстандағы амбассадоры Дастан Аққожа. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Әсер өте жақсы, біраз толқығаным рас, өйткені күн бірден бұзылып кетті. Алайда бұл адамдардың бір-бірімен араласуына көмектесіп жатқан сияқты. Бәрі ғимаратқа кірді. Жаңбырдың астында малмандай су болса да, тіркеуден өтіп, бері қарай жүгіріп келіп жатқандарды көрдік. Бұл — біз үшін қуаныш. Біз күткен деңгейден әлдеқайда жоғары өтіп жатыр. Қатысушылардың сұрақ қойып, белсенді болып жатқаны бізді таңдандырды. Бұл аудиторияның ақпаратты сұрыптап қабылдайтынын, тұтынатынын көрсетеді. Бұл біз үшін өзекті, себебі келесі жылы қандай тақырыптарды қозғайтынымызды қазірден білеміз, — дейді Дастан Аққожа.

746b2ee96f69ad8d19ba67492f2f37d2 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

«Алматы», «Бішкек», «Душанбе», «Ашхабад», «Ташкент» атауы берілген залдарда медиа, технология, бизнес және мәдениет секторлары бойынша тақырыптар талқыланып жатыр.

8ec8e4fbdae14c6b322f6a4f65898a22 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ebe57b643163f2c3510ce603e739802c Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
930c975ece754525d264ff9837927af5 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Connect-Ed жобасы авторларының бірі Гүлназ Қорданова фестивальдің алғашқы күнінде «Қазақстандағы цифрлық теңсіздік мәселесі, оны білім беру, бизнес және азаматтық секторлар перспективасынан еңсеру әдістері» тақырыбындағы панельдік талқылауға модератор болып қатысты.

Гүлназ Қорданова
Гүлназ Қорданова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Меніңше, біздің қаламызға осындай фестивальдар қажет. Мұнда пайдалы ақпарат алып қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға болады. Мысалы, бүгін цифрлық теңсіздік туралы сөйлестік. Нәтижесінде жастардың бұл жөнінде не ойлайтынын, қандай перспективасы бар екенін білдік, — дейді Гүлназ Қорданова.

Гүлназ Қорданова
Гүлназ Қорданова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ал бұл кезде «Ашхабад» залында Гүлмира Құсайынова, Данияр Қосназаров, Ұлпан Рамазанова сияқты медиа өкілдері «Қазақстандағы бас тарту мәдениеті» тақырыбын талқылап жатты.

38002e0af9b094a8a8b66223000712c8 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Спикерлер «Бас тарту мәдениеті немесе кэнселинг деген не», «Оның буллинг пен цензурадан айырмашылығы қайсы», «Бұл мәдениет Қазақстанда қолданылып жүр ме?» деген сұрақтарға жауап іздеуге тырысты.

07ffee256bdd938e41e5198447cf5a40 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
d7d96171a965537bd0ece2a810ef3b8a Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
07af11d3d120906ff7d185767599fb98 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Данияр Қосназаров. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ұлпан Рамазанова
Ұлпан Рамазанова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жақында «Ирина Қайратовна» тобы мен Shiza  сахнаға мас күйінде шықты, халық қатты ашуланды. Дегенмен видео арқылы кешірім сұрағаннан кейін бұл мәселе тез ұмытылды. Меніңше, осы оқиғалардың өзі біздің қоғамда әлі күнге дейін бас тарту мәдениеті толық қалыптаспағанын көрсетеді, — деді спикерлердің бірі Ұлпан Рамазанова.

Go Viral символы — шапан, бұл Орталық Азиядағы пікір көшбасшылары, жаңашыл әрі шығармашыл адамдардың басын біріктіретін фестивальді білдіреді.

2a8448cc14543042015de4e3030e7c13 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
17d6197123f636731bd96635fa634995 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Шапанда түрлі ою өрнек бар. Оны осыған дейінгі Душанбеде, Ташкентте, Бішкекте өткен фестиваль қатысушылары тігіп, кейін қиып, шапанға жабыстырған.

Алматыдағы Go Viral фестивалі эстафетаны қабылдап алды. Қатысушылардың әрқайсы үш күн бойы ою-өрнекті кестелеп, өз үлесін қосады. Осыдан кейін Go Viral символы Ашхабадтағы фестивальге жіберіледі.

2a8448cc14543042015de4e3030e7c13 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
17d6197123f636731bd96635fa634995 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
dfd485a1c10df5d68e3c87a2d987d56a Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
3bb7ad8e43b9eafcf9e11a05aa243291 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
3f7c080517181678eda03b6c1ced6cc7 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
579923e829a872be48026e07700fc067 Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
a385a7b7091dd79dcbc3ff93cba321dc Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Фестиваль әлі 25-26 маусым күндері болады. Биыл фестивальге «Шеврон» компаниясы, MOST бизнес-инкубаторы, Батырхан Шүкенов атындағы қор, WeProject интернет басылымы, Baribar.kz порталы, Econetwork, «48 сағатта түсіру» қысқаметражды фильмдердің байқауы, Obscura компаниясы және American Space & MakerSpace Almaty қолдау көрсетті.

Наргиза Аршидин, Мейірман Лес

Мақала жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?