Петропавлда Юрий Шатуновтың құрметіне флешмоб өткізуге тыйым салынды

Петропавл әкімдігінің баспасөз қызметі Интернациональная мен Бөкетова көшелерінің арасында «Ласковый май» тобының бұрынғы солисін еске алуға арналған шара өтпейтінін жариялады.

Іс-шара келісілмеген және рұқсат етілмеген, сондықтан өткізілмейді, — деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, Юрий Шатунов 23 маусымда Подмосковьеде инфарктіден қайтыс болды. Бүгін Ресейде әншіні ақтақ сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр.