Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Астық 2022-2023 жылдары жиналған егіннен жеткізіледі. Ал Ираннан түрлі құрғақ және жаңа піскен жемістер, субтропикалық жемістер көптеп жіберіледі. Соның ішінде картоп, пияз, сәбіз, қияр, алма, алмұрт, айва, құрма, інжір мен ананас бар.
Бұдан бөлек, тараптар органикалық өнімдер өндіру, бау-бақша шаруашылығын суарудың заманауи әдістері мен технологиялары, тамақтану, алма және жүзім дақылдарын басқаруды реформалау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті.
Ирандықтар Қазақстандағы алма және басқа да бақтарды дамытуға көмектеседі.
Сонымен бірге Қазақстан мен Иран ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы мен транзитінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат шеңберінде Қазақстан Иранға дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), майлы дақылдар (зығыр тұқымы), өсімдік майлары (күнбағыс майы), кондитерлік өнімдер, ет (қой еті, сиыр еті) және ет өнімдерін жеткізуге ниетті, — делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, биыл қаңтар-наурыз айларында екі елдің тауар айналымы 167,5 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,8% артық.