Президенттің Ирандағы ресми сапары аяқталды

Мемлекет басшысының Тегеранға ресми сапары Иран Ислам Республикасының жоғары көсемі, аятолла Әли Хаменеимен кездесуімен аяқталды, — делінген хабарламада.

Кездесуде Қазақстан-Иран қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды.