Басты бетЖаңалықтарҚР президентінің...

ҚР президентінің жанынан Ұлттық құрылтай құрылды

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай Қазақстан Республикасының президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып саналады. Ұлттық құрылтай қызметінің негізгі мақсаты – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдау. Ұлттық құрылтай өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сонымен бірге осы ережені басшылыққа алады, – делінген хабарламада.

Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері:

  • қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;
  • жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;
  • өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.