Аймағамбетов мұғалімдерге оклад бойынша ақы төлеу туралы айтты

Дүние жүзіндегі бүкіл білім беру жүйелерін қарасаңыздар, сағатқа бағыттап емес, оклад жүйесі бойынша жұмыс тістейді. Сағат саны бойынша жұмыс істейтін бірнеше мемлекет қана қалды. Сондықтан бұл – дүниежүзілік тәжірибе. Бірақ Қазақстанда осы сіз айтқан жүйеге қатысты нақты шешім қабылданған жоқ. Көшіп жатырмыз деп біз әлі айта алмаймыз. Жалпы, бұл мәселе қазір зерттеліп, зерделеніп жатыр. Сондықтан шешім тек қана осы зерттеулердің негізінде қабылданады, — деді министр үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Асхат Аймағамбетов бұл мәселенің талайдан бері көтеріліп келе жатқанын айтты.

Жасыруға болмайды, бірнеше жылдан бері түрлі сарапшылар, әртүрлі халықаралық және өзіміздің ғалымдар ұсыныс айтып жатыр. Дегенмен, бұл мәселені талқылау керек. Өйткені білім жүйесінде тез, шапшаң ойланбай шешім қабылдауға болмайды. Талқыланып, тиісті шешім шыққанда қосымша хабарлаймыз, — деді министр.