Жаңа оқу жылында ағылшын тілі 3-кластан бастап оқытылады

Біз биыл бірінші қыркүйектен, яғни жаңа оқу жылынан бастап осы өзгерісті енгізуге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бірінші класта оқушылар өз ана тілін меңгеріп алуы керек. Қазақ тілінде оқып, жазуға дағдыланғаннан кейін, 2-класта орыс тілін үйрену әлдеқайда жеңіл болады. Ал 3-класта ағылшын тілін оқу да жеңілдейді, — деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 1-класқа келген 6 жасар бүлдіршін үш тілді қатар алып жүруге тиіс. Яғни үш бірдей әліппесі бар деген сөз.

Бізде ұйғыр және тағы басқа ұлттық мектептер бар екенін білесіздер. Ол мектептерде тіпті төрт тіл оқитын. Біз былтыр осы мектептер үшін бір тілді азайттық. Енді биылдан бастап қазақ тілінде оқитын балалар үшін де дәл осындай өзгеріс енгізіліп жатыр. Яғни ең басты міндет ана тілін игеріп алу, — деді министр.