Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.
Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша халық саны 19,18 миллион адамға жетті. Оның ішінде 9,31 миллионы – ерлер, 9,86 миллионы – әйелдер (51,43%) болды. Халықтың жалпы санындағы әйелдердің үлесі жыл басында 51,44% еді.
Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 51,48%, бес жыл бұрын 51,62%, 10 жыл бұрын 51,77% болған еді.
Жалпы әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда біршама жоғары болғанымен, жылдан жылға азайып келеді және бұл үрдіс тұрақты. Кейінгі 5 жылда әйелдер санының орташа жылдық өсімі 1,2% болса, ерлер санының өсімі 1,4% болып отыр. Алайда әйелдердің ерлердің басымдығына қарамастан, жалпы көрсеткіште жас бойынша бөлінуі мүлдем басқаша көрінеді. Осылайша, ҚР-дағы 14 пен 28 жас аралығындағы әйелдер саны бір жылда 0,1% азайып, биыл жыл басында 1,83 миллион адамға жетті. Осы жас шамасындағы ерлердің саны, керісінше, 0,1% өсіп, 1,92 миллион адам болды. Бұл динамика да тұрақты,- делінген хабарламада.
