Нұр-Сұлтанда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтады

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сенгіш азаматтарға жаңа қатысушыларды тарту арқылы жоғары сыйақы алуға уәде беріп, инвестициялық жобаларға қомақты қаржы салуды ұсынған. Алдын ала келісім бойынша бір топ тұлғалардың қаржылық (инвестициялық) пирамида схемасын құру және басқару фактісі бойынша компанияның лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, — делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.