Абзал Әміренов Алматының «Мамыр» шағынауданында тұрады. Ол бұған дейін жұмысына бару үшін әуелі  «Мәскеу» бекетіне дейін автобуспен жетіп, кейін метроға ауысатын. Енді ол екі рет әуреленбейтін болды. Абзал бүгін демалыс болса да, осы қуанышты көруге отбасымен бірге келген.

Абзал Әміренов. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бәріңізге құтты болсын айтамын! Енді күнделікті метромен қатынаймын. Жұмыс орным «Жібек жолы» станциясына жақын маңда орналасқан. Метро станцияларының көбеюі халыққа жасалған ең игі іс деп ойлаймын. Бұл транспорттың бір артықшылығы — уақытыңды алдын ала есептей аласың. Автобус пен таксидегідей кептеліске тап болмайсың, — дейді ол.

Абзал Әміренов отбасымен
Абзал Әміренов отбасымен. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ал зейнеткер Күлдіхан апай — «Шұғыла» шағынауданының тұрғыны. Ол метромен күнделікті қатынамаса да, бүгін жаңа бекеттерді көруге арнайы келіпті.

Күлдіхан апай. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

«Бауыржан Момышұлынан» «Мәскеуге» барып, кейін «Сарыарқаға» қайта келдім. Қыдырып жүрмін. Қазір зейнеттемін, көп жүрмеймін. Орталыққа анда-санда шыққанда мінемін. Енді «Қалқаман» станциясы тезірек ашылса екен. Бізге сол қуаныш, — дейді зейнеткер.

«Сарырақа» бекеті Абай даңғылының бойында Алтынсарин даңғылы мен Сайын көшесінің арасында, Family Park ауданында орналасқан. Ол бір вестибюльден, екі кіру тобынан тұрады. Мұнда екі лифт, сегіз эскалатор бар.

«Сарыарқа» бекеті. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ал «Бауыржан Момышұлы» Абай даңғылы мен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында орналасқан. Бекет екі вестибюльден, алты кіру тобынан тұрады. Онда алты лифт, 15 эскалатор жұмыс істейді.

«Бауыржан Момышұлы» бекеті. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Бауыржан Момышұлы бекеті
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

 

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жазушы, этнограф, Халық қаhарманы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова Алматыдағы метроның ашылғанына 10 жылға жуық уақыт өтсе де, бірде-бір рет қадам баспапты. Ол бүгін қайынатасының атына берілген бекеттің ашылуына бірінші келіп отыр.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Марқұм атам бір кезде «Бұл дүниеден өтсем де, тірілердің арасында жүрем» деп айтты. Сол кезде бұл оғаш болып естілген. Енді қарап тұрсаңыздар, әулиенің сөзі сияқты. Бүгін оның есімі қанша адамның көңілінде, тіл ұшында айтылып жатыр. Атамыз өмірден кеткеніне 40 жыл болды, бірақ әлі күнге дейін халық ардақтап, құрметтеп, аспандатып, көшелердің, мектептердің атын беріп жатыр, бүгінгі шара да — атамыз әлі тірілердің арасында жүргенінің бір белгісі, — деді ол.

Алматы әкімі Ерболат Досаев метро станцияларының алғашқы болып қатынағандардың бірі болды.

Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын! Бұл — біздің мегаполис үшін көптен күткен қуанышты оқиға. Мұны біздің қаламыз бен  тұрғындарымыз үшін өте маңызды оқиға деп есептеймін. Әңгіме жолаушылардың 50 мыңнан 85 мыңға дейін көбейетінінде емес, қаланың әлдеқайда жайлы болатындығында, бәрімізді алаңдатып отырған трафиктің дұрыс шешім табатындығында, — деді Досаев.

Алматы әкімінің айтуынша, қалада метро желісін кеңейту бойынша жұмыстар жалғасады. 2025 жылы «Қалқаман» станциясының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Былтыр Алматы метрополитені өзінің алғашқы үлкен және маңызды мерейтойын – он жылдығын атап өтті. Осы уақыт ішінде білікті еңбек ұжымы құрылды, жас мамандар оқытылды, дайындалды. Екі станцияның іске қосылуының арқасында қосымша 200 жұмыс орны пайда болды, — деді Алматы әкімі.