Тоқаевтың Қырғызстанға сапары аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бішкек әуежайынан Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шығарып салды.

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері әуелі шағын, кейін кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Тоқаев пен Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Қазақстан және Қырғызстан президенттері Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына онлайн-форматта қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қырғызстан астанасындағы «Театр» гүлзарының орталық аллеясына қойылған Абай ескерткішінің және әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Қырғызстандағы филиалының ашылу салтанатына қатысты.