Алматыда Саин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 23-26 мамыр күндері сағ.22:00 мен сағ. 06:00 аралығында түнгі уақытта Саин көшесінің батыс бөлігінде Төле би көшесінен Жұбанов көшесіне дейінгі аралығында көлік жүрісі уақытша шектелетін болады.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз,- делінген хабарламада.