Әлімханұлы Головкинмен жекпе-жекке шыға ма?

Жәнібек Әлімханұлы Геннадий Головкинмен жекпе-жек болмайтынын айтты және себебін түсіндірді.

Негізі қазақтың салт-дәстүрі бойынша үлкендерді кішкентайлары жекпе-жекке шақырмайды. Cондықтан ол кісіні (Головкин — ред.) сыйлаймыз. Болашақта 168-ге (76 келі — ред.) ауысады деп ойлаймыз. Сондықтан да ол кісімен жекпе-жекке шыға алмаймыз, — деді Жәнібек Әлімханұлы.

Еске салайық, бүгін, 22 мамырда Қазақстан боксшыcы Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Дэнни Дигмунды нокаутқа түсіріп, орта салмақта бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBO) тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атанды.

Әлімханұлы 12-жеңісіне жетіп отыр, оның сегізін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Дигнум карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр.