Алматы тауларында қар көшкінінде қалған бір адам табылды

Ақпаратқа сәйкес, құтқарушылар қар көшкіні салдарынан зардап шеккендердің бірін алып шыққан. Оның иығы зақымданған. Қар көшкіні астында қалған екінші адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Іздестіру үшін құтқарушылар дрондарды пайдаланған. Құтқару жұмыстарына түрлі жедел қызмет ұйымдарынан 31 адам және 8 техника, 2 кинология есебі, 1 тікұшақ жұмылдырылған,- делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы тауларында қар көшкіні болып, құтқарушылар екі адамды іздеп жатқаны хабарланған болатын.