Универсиада қорытындысы: 221 мың билет сатылды

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары барысында 221 мың билет сатылған. Универсиада ойындарына 85 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Жалпы командалық есепте Ресей командасы бірінші орын алды. Олардың еншісінде 28 алтын, 27 күміс және 15 қола медаль бар. Екінші орында Қазақстан құрамасы. Біздің спортшылар байрақты бәсекеде 11 алтын, 8 күміс және 17 қола жеңіп алды. Үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді. Бұл елдің спортшыларында 11 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль бар. Шараға 57 елден 2000 мыңға жуық спортшы қатысты.

Жиынға ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Халықаралық студенттер спорты федерациясының басшысы Олег Матыцин және келесі 29-шы Универсиаданы қабылдап алатын Красноярск қаласының мэрі Эдхем Акбулатов қатысуда.

ДереккөзInform.kz