Универсиада: Қазақстан хоккейшілері күміс жүлде алды

Финалдық бәсекеде Қазақстан құрамасы ресейлік спортшылармен бақ сынасты. Есеп 1:0, Ресей хоккейшілерінің есебінде. Сонымен, хоккейден 28-қысқы Универсиада ойындарының чемпионы Ресей құрамасы атанды.

Айта кетейік, спорттың бұл түрінен қола жүлдені канадалық хоккейшілер алған болатын.

Универсиада кезінде Қазақстан спортшылары жалпы командалық есеп бойынша 2-орын иеленді. Ел қоржынында 36 жүлде: 11 алтын, 8 күміс және 17 қола жүлде бар.