Синоптиктердің мәліметінше, батыс циклонының екпінімен және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде алдағы үш күнде жауын-шашын күтіледі.
14 мамыр батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстікте және орталықта жаңбыр жауады. Кей өңірлерде қатты жаңбырдың арты бұршаққа ұласып, жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, — делінген хабарламада.
