Каспий теңізінде жоғалған балықшылар тікұшақпен іздестіріліп жатыр

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1994 және 1983 жылдары туған екі балықшы 30 сәуірде Ақшұқыр кенті маңында металл қайықпен теңізге шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. Жоғалған адамдарды іздеумен құтқарушылар айналысып жатыр.

Ведомство жоғалған балықшыларды іздеуге 1 мамырда таңғы сағат 07.45-те кіріскенін хабарлады. 17 құтқарушы үш қайықпен жағалауды аралап жатыр.

Іздеуге ҚР ӘТК 29011 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, сонымен қатар еріктілер мен туыстарымен бірге «Орал» шағын күзет кемесі қосылды. Бұдан басқа, төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-870 тікұшағы жұмылдырылды, оның бортында төрт қызметкер мен бір туысы бар, — деді Маңғыстау облысының ТЖД өкілдері.