Алматы облысында екі балықшы суға батып кетті

28 наурызда сағат 17:30-да республикалық  жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Деревянное көлінде оқыс оқиға болды деген хабарлама түскен.

1973 және 1969 жылғы екі балықшы үрлемелі резеңке қайықпен балық аулау кезінде, қайық кенеттен аударылып, ер адамдар суға батып кеткен. Куәгерлер бірден бір ер адамның денесін судан шығарып алған. Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы оқиға орнына шықты. Іздестіру – құтқару шараларын жүргізу барысында, сағат түнгі 00.00-де құтқарушы-сүңгуірлер екінші ер адамның денесін тауып, судан шығарды, — делінген хабарламада.

Құтқарушылар қайықпен балық аулау кезінде сақ болуды және міндетті түрде құтқару кеудешесін киюді ескертті. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу керегін еске салды.

жедел-құтқару жасағы
Фото: РЖҚЖ баспасөз қызметі