Министр: Маңғыстау облысындағы қоқиқаздардың неден өлгені белгісіз

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Маңғыстау облысындағы қоқиқаздардың неден өлгенін анықтау үшін инспекторларды жібергенін айтты.

Қоқиқаздарға келсек, кеше әлеуметтік желіде шынымен бес қоқиқаздың өліп жатқаны туралы видео жариялаған еді. Біздің облыстық аумақтық инспекция мамандары ол жігітпен байланысқа шықты. Видео он күн бұрын түсірілген екен, — деді Серікқали Брекешев үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде.

Оның айтуынша, оқиға орнына арнайы инспекторлар жіберілді.

Біз жіберген инспекторлар видео түсірілген орынға барып, сынамалар алады. Сол талдаулардың негізінде құстардың неден өлгені анықталады, — деді ведомство басшысы.

Еске салайық, желіде Маңғыстау облысында өлген қоқиқаздардың видеосы тараған болатын.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр. 

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Жаңбыр, тұман, жел: 28-30 наурыз күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша?

2023 жылғы қаңтардан бері республикалық бюджеттен 549,3 миллиард теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы – 168,7 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 380,6 миллиард теңге.

Қазгидромет тасқын қаупіне байланысты ескерту жасады

Қазақстанның төрт облысында өзендер тасып, су басу ықтималдығы бар. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. 

10 АЕК. Үй жануарларын ұстау туралы ережені бұзғандар қалай жазаланады?

Экология және табиғат ресурстары министрлігі ит пен мысық иесі жаңа ережені бұзса, қалай жазаланатынын хабарлады. Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар, аңшылық шаруашылығы...