Бүгіннен бастап қазақстандықтардың мобайл аударымдары тексеріледі

Бір адамның жеке тұлға ретінде ашқан банк шотына 3 айдың ішінде 100 және одан да көп адамның банк шотынан ақша аударылған болса, бұл кәсіпкерлік қызметтен пайда табу болып есептеледі,- делінген хабарламада.

Қаржы министрінің тиісті бұйрығы бүгіннен бастап күшіне енді.

Салық заңнамасына сәйкес, мобайл аударымдарды пайдалануға қатысты енгізілген өзгертулер, жеке тұлғалардың жеке аударымдарын кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобайл төлемдерден бөлуге арналған.

Олар бизнес қауымдастықпен және банктермен бірнеше рет талқыланды. Бұл бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті дамытуды көздейді, қолма-қол ақшаға көшуді мүлдем көздемейтінін ескеріңіз,- делінген хабарламада.