Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сонымен бірге президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ, — деп жазды ол.
Берік Уәли сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмағанын жазды.
Тимур Тоқаевқа келсек, жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген. Өздеріңіз білесіздер, президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын, — деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.