Басты бетЖаңалықтарЕлімізде банк...

Елімізде банк шоттарындағы мобильді аударымдар қалай тексеріледі?

Банк шоттарына мобильді аударымдар арқылы табыс түсетін кәсіпкерлерді мына критерий бойынша анықтау жоспарланып отыр:

Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары 1 жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан ағымдағы банктік шотқа ақша қаражатын алуы болып табылады. Яғни жеке тұлғаға үш айда 100 адамнан ақша аударылса, онда мұндай қызмет кәсіпкерліктен табыс алу белгілеріне жатқызылады,- делінген құжатта.

Қаржы министрлігі банктердің осындай операциялар туралы мәліметтерді ұсыну мерзімдерін де бекітуді жоспарлап отыр. Банктер мен ұйымдар сұратуды алған күннен бастап белгілі бір мерзім ішінде мәліметтерді мемлекеттік кірістер комитетіне Microsoft Excel форматында электрон пошта арқылы жібереді.

Құжат 2 наурызға дейін «Ашық НҚА» сайтына жария талқылауға шығарылды.