Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 20-39 жас аралығындағы күдіктілер облыстың әр ауданында ұсталған. Олардан бұрын тәртіп сақшыларынан ұрланған атыс қаруы, арнайы қорғаныс құралдары мен оқ-дәрілер тәркіленген.
Тінту кезінде күдіктілерден екі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, көптеген оқ-дәрі, құқық қорғау және қауіпсіздік шараларында қолданылатын полицияның оқ өткізбейтін кеудешелері және арнайы құралдар тәркіленді. Тәркіленген қару-жарақ пен мүлік бұрын қалалық және облыстық полиция ғимараттарына шабуыл жасау кезінде ұрланған құралдар есебінде, — делінген хабарламада.
Жеке тінту кезінде одан «Макаров» тапаншасы, оған арналған оқ-дәрі және гашишке ұқсас ерекше иісі бар, салмағы 210 грамм жасыл түсті заттың бір бумасы тәркіленді. Қару мен оқ-дәрілерді, сонымен қатар есірткі құралдарын заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тағы бір айта кетерлігі, ұсталған азаматтың туыстары полиция департаменті ғимаратына басып кіріп, тергеу барысына кедергі келтірмек болған, — деді полицейлер.
Ұсталғандар видео арқылы расталып отырғаны айтылды. Бейнебақылау камераларына күдіктілердің облыс әкімдігі мен қалалық полиция ғимараттарын басып алуға қалай қатысқаны, тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлерге күш қолданғаны түсіп қалған.
Ұсталғандарға қатысты қылмыстық кодекстің 272-бабы «Жаппай тәртіпсіздікке қатысу» бойынша тергеліп жатыр. Жиналған материал дәлелдемелік базамен бірге арнайы прокуратура қызметкерлері өндірісіне жіберілді, — деп қорытындылады департаменттегілер.