Ауа райына байланысты үш облыста жолдар жабылды

Қарағанды облысында бүгін сағат 11.15-ден бастап Жезқазған–Петропавл тасжолының 65-252 шақырымдағы учаскесі – Жезді ауылынан бастап Қостанай облысының шекарасына дейінгі жолда көліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді.

Қостанай облысында сағат 11.30-да Жезқазған–Петропавл тасжолында Қарағанды облысының шекарасынан бастап Арқалыққа дейінгі жол учаскесі (252-340 шақырым) жабылды.

Ал Батыс Қазақстан облысында сағат 11.10-нан бастап Орал-Тасқала–Ресей Федерациясының шекарасы тасжолының 76-104 шақырымдағы учаскесі (Тасқала – Ресей шекарасы) бойынша көлік қозғалысы жабық.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы жолдағы жағдайды тәулік бойы бақылайды. Мамандар төтенше жағдайда 1403 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертті.